Оқиға

Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Жол-көлік оқиғасы, архивтегі фото
Жол-көлік оқиғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция жол- көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандардың аты-жөнін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Алматы – Бішкек тасжолында Lada және Toyota Camry көліктері соқтығысып, 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, қаза болғандардың арасында 3 әйел бар. Олар Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.

Тағы оқыңыз: Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті - фото

Алдын ала болжам бойынша, Lada жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Camry көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 9 адам көз жұмды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару кезінде  абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео

Егер адамның жол апатына кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ күдікті 7 жылға дейін белгілі бір қызметті атқару немесе басқа да қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айырылады.

Тергеу жұмыстары облыстық полиция департаментінің бақылауында. 

Жаңалықтар
0