НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Малшылар жылқыларды шағылыстырмақ болады, алайда айғыр үшін бұл трагедиямен аяқталды.
Интернетте бие айғырды бір теуіп өлтіргені жайлы видео таралып жатыр. Кадрдан адамдар жылқыны қашаға кіргізіп, тыныштандырмақ болғанын көруге болады. Дегенмен, бие адамды айнала шауып, айғырды бір теуіп құлатқан, соққының жойқын болғаны соншалық, жануар көп ұзамай сеспей қатқан.
Минивэн бес жылқыны қағып өлтірді: мал иесі жауапқа тартылмақ
Ролик қайда және қашан түсірілгені белгісіз, алайда кейбір БАҚ оқиға Мексикада болған деп жазып жатыр.
Пікір жазған қолданушылар өкініш білдіріп, жылқышыларды сынға алды. Көптеген адамның пікірінше, айғыр салғырттықтан өлген.