07:58 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2788 0 0

Үш жігіт адам ұрлап, оған құн талап етті деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Атырауда бес қабатты үйдің ауласында ҰҚК департаментінің арнайы жасақ қызметкерлері үш адамды ұстағаны жайлы видео таралды.

Белгілі болғандай, ашық қылмыс жасаудан тайынбаған "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушылар адам ұрлап, оған құн талап еткен, деп хабарлады azh.kz.

"16 сәуір күні 1990 және 1991 жылдары туған үш жігіт Өзбекстан азаматы С. Я-ны күшпен пәтерінен ұрлап әкетіп, оның досы, Өзбекстан азаматы М.С-дан 300 мың теңге құн талап еткен. Қаскүнемдер бұған дейін М.С-дан қорқытып 100 мың теңге көлемінде ақша алғаны анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы.

Ұсталғандардан зардап шегушілердің ақшасы мен заттары, сондай-ақ ұрланған адамды ұрып-соғуға пайдаланған нунчаки, зардап шегушілердің біреуіне тиесі "Лада Ларгу" автокөлігінің кілтін тәркілеп алды.

Атырауда жат ағымның жетегінде кеткен жігіт 6 жылға сотталды

Күдіктілерге адам ұрлау және бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, материалдар полиция департаментіне әрі қарай тергеуге берілді.

19 сәуірде Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Олар қазірдің өзінде қылмысын мойындап отыр.

Тақырып бойынша

Анасын асқан қатыгездікпен өлтірген оқушы жат ағымның жетегінде болуы мүмкін
Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын қайтара алмай жүр
Қайрат Жолдыбайұлы: сәләфилер вирусын басқаларға жұқтырмау үшін "карантин" керек
5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары
Кілт сөздер:
видео, салафит, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып