Оқиға

Жетісайлық әйел өгей қыздарын қорлаған: министрлік мәлімдеме жасады

© Photo : Hans KretzmannҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жетісай ауданындағы оқиға бала құқықтары жөніндегі уәкіл, бас прокуратура және БҒМ бала құқығын қорғау комитетінің бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жантүршігерлік оқиғадан кейін бірнеше адамға қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты уақытылы анықтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және 3 сынып жетекшісіне қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Өгей анаға қандай айып тағылды

Жетісай ауданының құқық қорғау органдары өгей ананың жаға ұстатарлық әрекеті туралы 11 сәуірде білген. 6, 7 және 9 сынып оқушыларының көрген қорлығы туралы құзыретті органға Д.Қонаев атындағы № 9 орта мектебінің басшылығы хабарлаған.

Тағы оқыңыз: Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

12 сәуірде тексеріс жүргізілді. Осыдан кейін аудандық полиция үш қыздың әкесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша  және Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Азаптау" бойынша өгей ананың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, ер адам қыздарын азаптаған әйелмен заңды некеде тіркелмеген, жай ғана бірге тұрған.

Тағы оқыңыз: Ұрып-соғып, балағаттаған: ата-аналар балабақшадағы сұмдық туралы айтты

"Тергеу шаралары барысында балаларға физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсету фактілері анықталды. Қазіргі кезде қыздардың өгей анасы уақытша ұстау изоляторында отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы және істің басқа материалдары дайын болғаннан кейін, қыздардың әкесі мен өгей аналарына қатысты іс Ювеналды сотқа жіберіліп, үкім шығарылады. 

Іс бас прокуратураның бақылауында

Бүкіл елді шулатқан істі елдің бас прокуратурасы өз бақылауына алды. Сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мен білім және ғылым министрлігі бала құқығын қорғау комитетінің бақылауында.

Тағы оқыңыз: Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған

Қыздардың қазіргі жағдайы

Кәмелет жасқа толмаған қыздар аудандық ауруханаға жатқызылған. Қазір олармен дәрігерлер, психолог және психиатрлар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қыздардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. 

Тағы оқыңыз: 20 рет пышақ салған: Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел сотталды

Ауруханадан шығарылғаннан кейін, балалардың қауіпсіздігі үшін олар әжелеріне жіберіледі. Қыздардың әжесі қазір басқа ұлының отбасымен тұрады.

Жаңалықтар
0