Оқиға

Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды – жантүршігерлік видео

CC0 / / Бойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен құрылысы аяқталмаған ғимараттың басына шығып алып, секірмек болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Таразда өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

Ведомство баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік оқиғаның видеосы жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR IIM ТJ komıtetі (@tjk_kchsmvdrk)

Құтқарушылар хабарлағандай, 2019 жылдың 15 сәуірінде сағат 17.00 кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел кезекшісі Тараздағы  "Бокс сарайы" спорт кешенінің жанында, Королева көшесінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғарғы қабатынан жас қыздың секіргелі тұрғаны туралы хабар берген.

Гүлнара Каримова, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ислам Каримовтың қызының түрмеде өз-өзіне қол жұмсағаны рас па?

Оқиға орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді: 19 адам және 5 техника, оның ішінде психолог та бар.

Ғимарат жанына шұғыл жеткен жеке құрам бірден құтқару қалқасын орнатыпты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі әрі құтқарушы, азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көпбосынов бес қабат биіктікке автобаспалдақпен көтерілді. Ол өз өмірін тәуекел етіп, суицид жасамақ болған жас қызды құтқарып қалған.

Батыс Қазақстанда шенеунік жұмыс орнында өз-өзіне қол салды

Жаңалықтар
0