Оқиға

Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото

© Sputnik / СтрингерАлматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды
Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 12 сәуір — Sputnik. Алматыда Nissan Qashqai көлігін айдап келе жатқан қыз кенет есін жоғалтқан.

Жол апаты әл-Фараби даңғылында Мұстафин көшесіне жетпей болды.

© Sputnik / СтрингерЖүргізуші қыз көлік айдап келе жатып есін жоғалтқан.
Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото - Sputnik Қазақстан
Жүргізуші қыз көлік айдап келе жатып есін жоғалтқан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Qashkai батыс бағытта келе жатып, жол айрығында жүргізуші қыз Мұстафин көшесіне қарай бұрылмақ болады. Алайда кенеттен қыз есінен танып қалып, көлік ағашқа бір-ақ соғылған. Абырой болғанда, жүргізуші тұрғын үйге соғылмапты.

© Sputnik / СтрингерЖол апатынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.
Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото - Sputnik Қазақстан
Жол апатынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты салдарынан жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0