Оқиға

Отағасы әйелінің туған күнінде өз-өзін өртеп жіберді: тағы 13 адам зардап шеккен

© Photo : pixabay.comСіріңке
Сіріңке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендердің төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, бес бала мен төрт адамға иіс тиіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам өз-өзін өртеп жіберді: бір адам қаза тауып, он үш адам зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейдегі жантүршігерлік өрт: қаза тапқан балалардың ата-анасы қайда болған?

3 сәуірде кешкі сағат 20:51-де Ақсу қаласы Б. Момышұлы көшесінде жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы белгілі болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қаза тапқан ер адамның әйелінің туған күні екен. Қонақтар дастархан басына жиналғанда, 50 жастағы үй иесі кетіп қалады да, бес литр бензин әкеліп, балаларды басқа жаққа алып кетіңдер дейді.

Әйелі оның айтқанын орындаған бойда ер адам сіріңкені жағып, өзін өртеп жіберген. Оны тоқтатуға тырысқан достары күйік алып, Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Ер адамның өзі қаза тапқан, онымен бірге 13 адам зардап шекті: төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, бес адам мен төрт бала иіс газынан уланып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Өрт аумағы 30 шаршы метр болды. Үш бөлмелі баспананың ас бөлмесі, жиһаз, тұрмыстық техника және басқа заттар түгел жанып кеткен. Үйдің шатыры да опырылып құлапты.

Жаңалықтар
0