Оқиға

Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуДәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тауып, 27 жолаушы зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды Elorda Aqparat.

Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр

Үш науқастың жағдайы өте ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

"Өкінішке қарай, бір науқастың оң аяғын кесуге тура келді. Сол аяғы да сынған. Кейін оған металлосинтез жасауды жоспарлап отырмыз. Аман алып қаламыз деп сенемін. Екінші әйелді емдеуге де бар күшімізді салып жатырмыз. Әзірге аяғын кеспей, металмен бекітіп қойдық. Олар, әрине, жарақат бөлімінде ұзақ уақыт бойы емделетін болады", - дейді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Айта кетсек, екінші қалалық ауруханаға 29 адам түскен. Олардың он төрті амбулаториялық ем алды. Зардап шеккендерге медициналық және бастапқы хирургиялық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

"Қазір 1 адам стационарда ем алып жатыр. Олардың сегізі түрлі дәрежедегі жарақатпен травмотология бөліміне жіберілді. Үшеуі жан сақтау бөлімінде және екі науқас хирургия бөлімінде", - деді Иван Ли.

Оның айтуынша, бірінші күні бес адамға шұғыл ота жасалған. Бір науқастың аяғы кесіліп, өзге зардап шегушілердің сынған аяқтары орнына келтірілді. Тағы да қосымша ота жасау жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтандағы автобус апаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды

"Бір әйелге лапаротомия жасадық. Қазір барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Адам өлімі болған жоқ. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бәрін аман алып қаламыз деп сенемін. Бір науқастың жағдайы өте ауыр болды. Қазір де өте ауыр, бірақ тұрақты жағдайда", - деді Иван Ли.

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды.

Жол апатынан қайтыс болған Айзат Нүрекенова - Қарағанды облысының тұрғыны. Жалғызбасты ананың артында кәмелеттік жасқа толмаған бір баласы қалды. Ал жүргізуші Абай Оспанов төрт баланың әкесі еді.

Жаңалықтар
0