Оқиға

Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды - фото

© SputnikАлматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігіне отырған екі адам зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 наурыз — Sputnik. Алматыда Қалқаман шағын ауданында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр

Жол апаты Әшімов және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mercedes E Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатады. Жүргізуші "Жол бер" деген белгіні байқамай немесе мән бермей Әшімов көшесіне атып шығады. Сол сәтте бұл көшемен жедел жәрдем көлігі келе жатқан екен.

Жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп, жедел жәрдем көлігін бүйірден соғады. Жедел жәрдем көлігі бір қырына аударылып, ал Mercedes қатты соққыдан шыр көбелек айналып, арыққа түсіп, жол белгісіне соғылады.

© SputnikАлматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
© SputnikАлматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
1/2
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды
2/2
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0