Оқиға

Маңғыстау кен орнындағы апат өртке ұласты: төтенше оқиғаның видеосы

© Photo : СС0 / 12019Өрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газ-суаралас қоспа атқылап, аумақ отқа оранған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында өрт шықты, деп хабарлайды, төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Жалын - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстау кен орнындағы апат: министрлік мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне бүгін таңертең сағат 07:10-де өрт туралы хабар түсіпті.

"Өрт 10 метр биіктік пен 900 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Тілсіз жаумен күресуге "Семсер Өрт Сөндіруші" ЖШС мен "Қаражанбас" ЖШС өртке қарсы қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндіруге барлығы 14 адам мен 4 техника қатысқан.

Айта кетсек, бұған дейін 13 наурызда Қаламқас кен орнында төтенше жағдай болып, газ-суаралас қоспа атқылаған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдемесінде айтылғандай, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0