Қоғам

Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті – видео

© Sputnik / СтрингерАвтокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысшылар ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ, 13 наурыз — Sputnik. Алматыда ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі шұңқыр жөндеумен айналысып жатқан екі жұмысшыны қағып кетті, салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында Тәтібеков пен Станиславский көшелерінің қиылысында болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар бригадасы таңертеңнен бастап осы ауданда шұңқыр жөндеу жұмыстарын жүргізген, олар қауіпсіздік талаптарын сақтағаны белгілі болып отыр: жұмыс орнында ескерту белгілерін орнатқан.

© Sputnik / СтрингерАвтомобиль сбил двух дорожных рабочих
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті - Sputnik Қазақстан
1/2
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті
© Sputnik / СтрингерАвтомобиль сбил двух дорожных рабочих
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті - Sputnik Қазақстан
2/2
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті
1/2
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті
2/2
Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті

Күндізгі сағат екінің шамасында Тәтібеков көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі ескерту белгісін кеш байқап, уақытында тоқтай алмай, бар жылдамдықпен екі жұмысшыны қаққан. Екеуі де ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен хәл үстінде ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін автокөлік жүргізушісін ұстады. Көлік иесінің апат кезінде мас болған-болмағаны анықталады.  

Жаңалықтар
0