Оқиға

Астанада жойқын өрт кезінде бір отбасы бес баласынан айырылды

© Photo : CC0 / PexelsӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалардың ата-анасы қайғылы оқиға кезінде жұмыста болған. Олардың үлкені 12 жаста, кішісі жасқа толмаған еді

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Астанада жеке үйлердің бірінде болған жойқын өрт салдарынан 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Андрей Моисеев анасы Анна Моисеева және көршісі Наталья Кисарь - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда екі әйел өртеніп жатқан үйден ер адамды аман алып шықты

Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болыпты. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.

Ұлттық ұлан қызметкері өмірін қауіпке тігіп көппәтерлі үйді жарылыстан сақтап қалды

Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.

Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.

Астанада адамдар мінген автобус өртенді

Жаңалықтар
0