Оқиға

Алматы маңынды қарт адамды көлік қағып өлтірді

© SputnikҚарт адамды қағып өлтірген көлік
Қарт адамды қағып өлтірген көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды, полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 27 қаңтар — Sputnik. Бір адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы Гүлдала ауылына жетпей Құлжа даңғыл жолында болды.

Audi-100 автомобилі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жол-көлік оқиғасында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қарт адам ажал құшты.

Жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

© SputnikАвтомобиль, побывавшиий в ДТП
Автомобиль, побывавшиий в ДТП  - Sputnik Қазақстан
Автомобиль, побывавшиий в ДТП

Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері, криминалистер және анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

© SputnikАвтомобиль, побывавший в ДТП
Автомобиль, побывавший в ДТП  - Sputnik Қазақстан
Автомобиль, побывавший в ДТП

Полиция қызметкерлері өз кезектерінде марқұмның кім екенін анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0