Оқиға

Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздады – видео

Жазылу
Ер адам қарсыласын атып тастамақ болды, мекеменің ашуланған қонақтарын полиция тыныштандырды

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Ақтауда түнгі барлардың бірінің келушілері арасында төбелес болды. Жанжал кезінде олардың бірі қару қолдануға әрекет жасады.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Әлем
Автобус ішіндегі төбелес 13 адамның өліміне алып келді - видео

Жанжалдасушылар түнгі клубтан дереу шығарылды. Оқиғаның мән-жайын мейрамхана қызметкерлері кеңірек айтып берді.   

"Жанжалқойлар өзара ерегісіп жатқанда, олардың біреуі көлікке барып, тапаншасын алып шықты, травматикалық болса керек. Сырттан қарап тұрғандардың бірі полиция шақырды. Бұзақыларды тыныштандыру үшін жедел әрекет ету жасағы да келді. Сол жерде полиция қызметкерлері   қонақтарды тінтіді. Ешкім ешкімді өлтірген жоқ", — деп түсініктеме берді "Ладаға" түнгі клубтың әкімшілігі.

Сонымен бірге желіде оқиға орнында түсірілген видео таралып кетті, онда ондаған полицей келгені көрінеді.   

Жаңалықтар
0