Оқиға

Алматы тауларында алты британиялық адасып кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы маңындағы таулар
Алматы маңындағы таулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш ересек және үш бала таудан түсіп келе жатып жолдан көз жазып қалған

АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Алматы тауларында алты британиялық адасып кетті, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Қамыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Адасып кеткен аңшы екі тәулік жапан далада түнеген

Үш бала және үш ересек адам жексенбі күні кешкі сағат 18:55-те Медеу ауданының Бутаковка шатқалында жоғалып кетті. Оларды іздеуге төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқау жасағы мен құтқару қызметінің құтқарушылары аттанды. Шетелдіктер сағат 20:34-те табылды. Медициналық көмек қажет болмады, деп толықтырды ТЖК.   

Өткен демалыс күндері орманшы Алматы тауларында адасып кеткен ресейлік туристі тауып алған болатын. 35 жастағы ресейлік телефонының қуаты таусылмай тұрып, қайда жүргенін хабарлап үлгерген. 

© Photo : ҚР ІІМ ТЖКАлматы тауларында ағылшындар адасып кетті
Алматы тауларында ағылшындар адасып кетті - Sputnik Қазақстан
Алматы тауларында ағылшындар адасып кетті

Жаңалықтар
0