Оқиға

Астана жатақханаларының бірінде өрт болды

© Photo : предоставлено ДЧС СКОӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан 30 адамды алып шықты, олардың ішінде 12 бала бар

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астананың оң жағалауында түстен кейін төтенше оқиға болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйде тұратын 30 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 12 бала бар.

© Photo : ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ұсынғанАстанада жатақхана өртенді
Астанада жатақхана өртенді - Sputnik Қазақстан
Астанада жатақхана өртенді

"15:51-де өрт сөндіру қызметінің пультіне жатақхана ретінде берілген тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келді. Үшінші қабат пен мансарда арасында он шаршы метрді алатын ағаш баспалдақ өртеніпті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Өртті сөндіруге жарты сағат кеткен. Себебі анықталып жатыр.


Жаңалықтар
0