Оқиға

Астанада қатты аяздан мектептер жабылып жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуоқушы
оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ата-аналардан балаларын мектептен тезірек алып кетуді сұрайды

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Елордалық мектептерде сабақ тоқтатылды. Екінші ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналарынан қатты аязға байланысты балаларын мектептен алып кетуді сұрайды.

Қазір ауа температурасы минус  27 градус, ылғалдылық пен желдің салдарынан 37 градус аяз болып сезіледі. 

Sputnik Қазақстанға елордалық мектептердің бірі хабарлағандай, Астананың білім басқармасы сабақты тоқтатуға тапсырма берген, Төтенше жағдайлар комитеті де сондай бұйрық беріпті.

Астанада дабылды ескерту

Сейсенбіде балалар сабаққа бармайды, себебі елордада дабылды ескерту жарияланған. Астанада 26-27 желтоқсанда ауа райы 33-35 градус аяз болмақ.

Жаңалықтар
0