Оқиға

Көлік кеден бекетінің қоршауына соғылды – екі әйел қаза тапқан

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында "Алматы-Қорғас" тас жолында жол апаты болды, жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 29 қараша – Sputnik. "Toyota Avensis" Алматы облысындағы Қытай шекарасына жақын жердегі "Нұр жолы" кеден бекетінің қоршауына соғылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.

Полиция жол апаты болғанын растады, оқиға бүгін таңертең "Алматы-Қорғас" тас жолында Панфилов ауданында болыпты. Екі адам қаза тауып, үшіншісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

"Жол апаты салдарынан екі жолаушы әйел қаза тапқан. Жүргізуші Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0