15:07 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2552 0 0

Дүкенге келген ер адамды біреу түртіп жібергендей селк ете түскен. Бірақ қасындағылар ештеңе байқамапты. Сол кезде дүкен иесі бақылау камерасындағы жазбаны тексермек болады

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. YouTube желісіндегі The Hidden Underbelly 2.0 арнасында жантүршігерлік видео жарияланды, деп хабарлайды life.ru.

Кадрларда дүкенге келген клиенттің жанында бұлыңғыр ақ шар ұшып жүреді, бірақ оны ешкім аңғармайды. Кенет шар келушінің желкесіне тиіп кеткен.

Оқиға куәгері айтқандай, келушіні біреу түрткендей болып, селк ете түседі, бірақ айналасындағы адамдар ештеңе байқамапты. Соған қарамастан дүкен иесі бақылау камераға түсірілген видеоны қарап көрмек болады. Бейнежазбаға шар тәріздес елес түсіп қалыпты.

Видео авторы кадрларда нағыз елестің өзі екеніне сенімді. Желі қолданушылары жазбаны көріп, жағасын ұстап, бойларын үрей билеп жатса, кейбіреулерге шар сүйкімді болып көрініпті.

Тақырып бойынша

Махаббат мәңгі ертегі: аймаласып тұрған қос елес суретке түсіп қалды
АҚШ-та дауыл кезінде жұмбақ елес видеоға түсіп қалды
Дағыстандағы елес ауыл – квадрокоптер түсірген видео
Кілт сөздер:
ер адам, елес, видео, дүкен
Загрузка...

Басты тақырып