Оқиға

Астанадан ұшып шыққан ұшақ Уфаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

© Sputnik / Марина ЛысцеваҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылардың бірінің іші ауырып, Уфа қаласында ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Астана – Мәскеу рейсін атқарушы ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясының ұшағы Уфаға қонуға мәжбүр болды: жолаушы әйелдің жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұшақ "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 17.00-те ұшып шығып, бір сағаттан кейін жолаушы әйел өзін жайсыз сезіне бастаған – іші қатты ауырып, мазасы кетіпті.

Тағы бір сағаттан соң ұшақ Уфаға қонып, жергілікті дәрігерлер әйелді ауруханаға жатқызды.

Жаңалықтар
0