АЛМАТЫ, 5 қараша — Sputnik. Қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин өлімінің себебін Алматы полициясы сот-медицина сараптама қорытындысы дайын болғасын хабарлайды.
Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгілі қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің неден көз жұмғанын сот-медициналық сараптама анықтайды. Оның қорытындысы әлі дайын емес.
"Қазіргі уақытта тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша болған оқиғаның мән-жайы анықталып, іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", — деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин 3 қарашаға қараған түні Алматыдағы "ТСБ" түнгі клубында Хэллоуинға арналған шоу кезінде көз жұмды. 34 жастағы азамат өлімінің алдын ала себебі – инфаркт.
Хэллоуин мерекесінде қаза болған жігіт танымал каскадер болып шықты