Оқиға

Қарағандыда үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті – видео

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуБала терезеден қарап тұр, архивтегі фото
Бала терезеден қарап тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар жұмсақ зембіл мен альпинистік саймандардың көмегімен баланы дүкеннің шатырынан түсіріп алды

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қарағандыда үш жасар бала тұрғын үйдің терезесінен дүкеннің шатырына құлап кетті.  

"Оқиға орнына келген құтқарушылар жұмсақ зембіл мен альпинистік саймандардың көмегімен баланы дүкеннің шатырынан түсіріп алды. Олар баланы жедел-жәрдем бригадасына тапсырды", — деп хабарлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайлар комитеті бір жылда көп қабатты үйлердің терезелері мен балкондарынан осымен он төртінші бала құлап кеткенін атап өтті. 

Құтқарушылар балалар үлкендердің қарауынсыз қалуы салдарынан жарақат алатынын немесе сол жерде жан тапсыратынын айтады. 

Президенттің артында тұрған қарауыл ротасының сарбазы құлап түсті

Назарбаевтың көз алдында биіктен құлаған спортшы аман қалды



Жаңалықтар
0