Оқиға

Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-та жарияланған апаттың бастапқы себептері расталды: вагондардың бүйір рамасы сынып кеткен екен

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында жүк вагондарының не себепті рельстен шығып кеткені белгілі болды.

Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Вагондардың рельстен шығуы: ҚТЖ кінәліні атады

"Қазақстан Темір Жолы" мәлімдегендей, Сарышаған-Шығанақ учаскесіндегі пойыз апаты вагондардың бірінің бүйір рамасы сынуы салдарынан болған.

Анықталғандай, тоғыз жыл бұрын өндірістен шыққан бүйір рамада ақау табылды — Азовэлектросталь" кәсіпорнында раманы құю кезінде кемшілік жіберіліпті".

Ұлттық компания вагонның иесі — "Исткомтранс" ЖШС-ін шығынды өтеуге міндеттеді.

Рельс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шуда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті – оқиға орнынан видео

-ның хабарлауынша, аталған зауыттан шыққан бүйір рамалардың сынуы салдарынан соңғы сегіз жылда 14 рет вагондар рельстен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан жолаушылар пойыздарының кестесі өзгеріп кеткен. Кей қазақстандықтар вокзалдағы перрон мен орындықтарға жатып, пойыз күтуге мәжбүр болды.

Жаңалықтар
0