Оқиға

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: мотоцикл жолаушысы аяғынан айырылды

© SputnikLada Priora мотоциклді қағып кетті
Lada Priora мотоциклді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік апаты салдарынан мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Әйел адам әл үстінде жатыр

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Алматыда Шолохов және Есжанов көшелерінің қиылысында мотоцикл апатқа ұшырады.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, мотоцикл мен LADA Priora Шолохов көшесі бойында батыс бағытта кетіп бара жатады. Есжанов көшесімен қиылыста мотоциклші ақырындап бұрыла бастайды. Неге екені белгісіз, LADA көлігі мотоциклді бір-ақ қақты. Салдарынан мотоцикл бір қырына ауып, бетонға соғылған.

© SputnikLADA көлігі мотоциклді қағып кетті
LADA көлігі мотоциклді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
LADA көлігі мотоциклді қағып кетті

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы. Жолаушы әйел құлаған кезде бетонға қатты соғылыпты. Ол ауыр хәлде ауруханаға жатқызылып, кейінірек дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болған.

© SputnikМотоциклде отырған әйел әл үстінде жатыр
Мотоциклде отырған әйел әл үстінде жатыр - Sputnik Қазақстан
Мотоциклде отырған әйел әл үстінде жатыр

Жүргізуші де әртүрлі жарақат алған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0