Оқиға

Алматыда көлік аударылып, үш ағашты құлатты: екі адам зардап шеккен

© SputnikТалғар тас жолында көлік аударылып қалды
Талғар тас жолында көлік аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған

АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik. Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті, бірі – бала, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 30 Талғар тас жолымен батыс бағытта кетіп бара жатқан.

Бағдаршамға жете бергенде, неге екені белгісіз, жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кетеді. Салдарынан көлік аударылып, үш ағашты бір-ақ құлатқан.

© SputnikТалғар тас жолында көлік аударылды
Талғар тас жолында көлік аударылды - Sputnik Қазақстан
Талғар тас жолында көлік аударылды

салдарынан жүргізуші мен 2006 жылы туған бала зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0