Оқиға

Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті бұған дейін заң бұзған болып шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Тенді өлтірді деген күдікті қылмыс орнында
Денис Тенді өлтірді деген күдікті қылмыс орнында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған Жамбыл облысының тумасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған жігіт бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

реанимация көлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

Әкімшілік іс өткен жылы Жамбыл облысы Меркі аудандық сотында қаралған. Қаулыға сәйкес, Нұралы Қиясов осы облыстағы Жамбыл ауылының тұрғыны. Қаңтар айында ол Меркі ауылының көшесінде Mazda 626 көлігін мас күйінде жүргізген.  

Қиясов сот отырысына келмеген, бірақ көлікті мас күйінде жүргізгенін мойындайды. Медициналық қорытынды ер адамның жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсеткен. 

Сот Қиясовты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының бірінші бөлігі "Көлік құралын жүргізушінің мас күйінде жүргізуі" бойынша кінәлі деп тауып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырды. 

Бұдан бөлек, Меркі аудандық соты Sputnik Қазақстанға өткен жылы Қиясовтың үстінен қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қозғалған істің жабылғанын хабарлады. Тараптар мәмілеге келген. 

Еске сала кетсек, полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстаған болатын. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр. 

Денис Тенді өлтірген екінші адамның суреті 

Жаңалықтар
0