Оқиға

Алматыдағы алапат өрт сөндірілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы алапат өрт
Алматыдағы алапат өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт аумағы 17 380 шаршы метр. Төтенше жайт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Алматыда өрт сөндірушілер ірі қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sputnik төтенше жағдайлар жөніндегі комитетке сілтеме жасап.

"Сағат 10.46-да өрт сөндірілді. Жалпы аумағы 17 380 шаршы метр", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі комитет.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, тікұшақтың көмегімен 44 рет бүрку жұмысы орындалып, 132 тонна су шашылған. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы алапат өрт
Алматыдағы алапат өрт - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы алапат өрт

Алматыдағы жойқын өрт 

Ведомство мәліметінше, 28 маусымда Алматы ТЖД "101" пультіне сағат 06.02-де Түрксіб ауданында өрт шыққаны хабарланған. Бірақ төтенше оқиғаның нақты мекенжайы белгісіз болыпты.

06.03-те оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді: 75 өрт сөндіруші және 20 техника. Су тасу мақсатында коммуналдық қызметтер де жұмылдырылыпты.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы өрт салдары
Алматыдағы өрт салдары - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы өрт салдары

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер шамамен 3000 шаршы метр қойма өртеніп жатқанын анықтады. Сол жерде жедел штаб құрылып, әлі де қызметін жалғастырып жатыр.

Алматыдағы өртті қалай сөндірді?

Өртті сөндіруге қалың түтін, нысан аумағында су алатын көздердің болмауы кедергі жасаған. Өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен қалай күрескенін видеодан көріңіз.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы жойқын өртпен күрес
Алматыдағы жойқын өртпен күрес - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы жойқын өртпен күрес

Суды алты автоцистернамен үш шақырым жердегі су қоймасынан тасыған.

Бір-біріне жақын орналасқан ангарларда әртүрлі халықтық өнімдер сақталған. Соның салдарынан өрт тез тарап кеткенге ұқсайды.

© Sputnik / Тимур БатыршинЖойқын өрт салдары
Жойқын өрт салдары - Sputnik Қазақстан
Жойқын өрт салдары
 Атқарылған шаралар нәтижесінде 17 мың шаршы метр аумақты шарпыған өрт 09.06-да толығымен сөндірілді.

Жаңалықтар
0