Оқиға

Шудағы пойыз апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті – ТЖД

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысы аумағында 8 вагон рельстен шығып кетіп, үшеуі бүйірлеп қалған

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында аударылған жолаушылар пойызында жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлады Sputnik-ке өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті. 

Рельс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шуда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті – оқиға орнынан видео

"Төрт адам зардап шекті. Бір жасөспірім қаза тауып, үш ересек адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Жолаушылар екінші жолмен Шу стансасына жөнелтілді. Қазіргі таңда оқиға орнында қандай да бір құжаттары мен заттары жоғалған адамдар ғана қалды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Сәулекүл Мұнатаева.  

Жамбыл облысының Шу ауданында "Астана-Алматы" жолаушылар пойызының сегіз вагоны жолдан шығып кетті. Бұған дейін оқиға орнынан видео жарияланды. 

Жаңалықтар
0