Оқиға

Ақтөбе облысында футбол қақпасы ер адамның басын жарды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам басынан жарақат алып, жағы сынған, миына зақым келген

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Ақтөбе облысы Қарақұдық ауылында ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап кетті.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
KADEX көрмесіндегі қайғылы оқиға: ер адам ауруханада көз жұмды

Отыз төрт жастағы ауыл тұрғыны мектеп қасындағы алаңда футбол ойнап жүргенде, үстіне конструкция құлап кеткен. Ер адам басынан жарақат алып, жағы сынды, миына зақым келді.

Бес сағаттан соң зардап шегуші Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Актобе Таймс" жазғандай, оқиға 15 мамырда кешкі сағат тоғызда болған. Футбол қақпалары алынбалы екен.

Мектеп басшылығы айтуынша, қақпаның өздігінен құлауы мүмкін емес.

Жаңалықтар
0