04:05 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
322 0 0

Жас жігіт Қытайдың Чанжоу қаласында оқыған

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қарағандының он тоғыз жасар тұрғыны Чанжоу қаласындағы студенттер жатақханасында көз жұмды, деп хабарлады "Новый вестник".

 

Валерий Катиев Қытайдағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Екі апта бұрын ол Қарағандыда ата-анасының үйінде демалысын өткізіп, бірнеше күннен кейін Чанжоуға қайта оралған. Жатақханада ол досымен бірге тұрыпты. 

Ұлының қаза болғанын ата-анасы 12 наурызда естіген, алдын ала мәлімет бойынша, жігіт уланып қалған.  

"Бізге кеше кешке ұйқыға жатарда оның жағдайы нашарлағанын айтты. Таңертең тұра салысымен балконды ашқан. Досы оны төменге алып түсіп, сол жерде адамдар "жедел жәрдем" шықырған. Дәрігерлер Валерийдің өмірін ажалдан арашалап қала алмады", — деді марқұмның досы Анастасия Герасимова. 

Валерийдің әкесі 13 наурыз күні Қытайға жүріп кеткен. Қаза болған студент Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды, сондықтан Қазақстанның СІМ мәйітті жеткізуге көмектесе алмайтындықтарын хабарлады.    


Загрузка...

Басты тақырып