Оқиға

ОҚО-да жас жігітті өлтірді деген күдікпен бірге өскен ауылдасы ұсталды

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиКүдіктіден алынған айғақ заттар, архивтегі сурет
Күдіктіден алынған айғақ заттар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екеніне сенбейді

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik.  ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жасында кісі қолынан мерт болған жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іске қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бүгінгі сот процесінде куәлер тыңдалды. Сотталушы өз кінәсін сотқа дейінгі тергеп тексеруде мойындағанымен, сотта мойындамайтынын айтты. Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екеніне сенбейтінін айтты.

Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте әйелін пышақтап, желіде жария еткен қылмыскер сотталды
"Үйде жатқан баламды телефонмен шақырып алып, қатысы жоқ кикілжіңге араластырды… Түн жарымында "пышақталды" деген хабар жетті. Төбелес кезінде пышақталған ұлымның күнәсін бір ғана балаға артып отыр. Мен Ордабасы аудандық ІІБ-ның тергеу қызметіне көңілім толмайды. Күмәнім көп. Ақиқатты іздеп, араша сұрап, телеарнаға келіп тұрмын", — дейді марқұмның әкесі Еркінбек Нұржанов.

Қапыда ұлынан айырылып, қан жұтқан әкенің шағымы бұл. Марқұм болған ұлы Мұрат бала кезінен спортты сүйіп, каратэден талай топты жарған, чемпион да болған екен. Үкілеп отырған үміті түкке тұрғысыз кикілжіңнің кесірінен күлге ұшқанына сенгісі де келмейді. "Елгезек, елдің көңілін жықпайтын, ақ көңіл перзентім қапияда қаза болды", — деп күйінеді ата-ана.

"Бұл жанжалға баламның еш қатысы да жоқ еді ғой. Жұдырығы мықты спортшы жігіт екенін біліп, ауылдастары төбелеске шақырып алған…", — деп атап өтті Еркінбек Нұржанов.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұл қанды оқиғаға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Куәлер де тыңдалуда. Жанжалдың тұтанып, кісі өліміне себепкер болғандар да сұралды бүгін.

Сотталушы орнында марқұмның бала күннен тай құлындай бірге өскен қатарлас ауылдасы. Прокурордың айыптауы дәл осы баланың қылмысқа тікелей қатысы бар дейді.

Пышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды
 "Сотталушы қасақана кісі өлтіру мақсатымен күртешесінің қалтасынан жиналмалы пышағын алып, марқұмның сол жақ кеудесіне сұғып алған. Оқиға орнынан төртеу боп бой тасалаған. Айыпталушы ҚР ҚК-нің 99-шы бабы, 1-ші бөлігімен кінәлі деп тану туралы сұраймын", — деді ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Мұрат Ибраев.

Айыптауларға да, сотқа дейінгі тергеуге де марқұмның ата- анасы күмәнмен қарайды. Әке жүрегі ұлының қазасына шын кінәлі басқа екендігіне сенімді.

"Сотталып жатқан баламен менің ұлым бала кезден бірге өскен. Оның дәті де, шамасы да келмейді. Өйткені батыр болмысты балама оның жалғыз өзінің өлтіруге әлі келмес те еді. Бармаған жерім жоқ. Барлығына тергеуді жаңғыртуды талап етіп жазып жатырмын", — деп толықтырды марқұмның әкесі.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр.  


Жаңалықтар
0