Оқиға

Есірткі шегіп алған әйел өз қызын қуыршақпен шатастырып өлтірген

© Photo : Рixabay/Isabella QuintanaҚуыршақ
Қуыршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам қызын қуыршақ деп ойлап, бірнеше рет пышақ салған

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ресейде Кемерово облысы бойынша тергеу басқармасы өз қызын пышақтаған әйел адамға қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер әкесі терезеден лақтырып жіберген сәбидің хәлі туралы айтты

Тергеу мәліметінше, бір жарым жастағы қыз өткен жұмада Кемерово қаласындағы пәтерлердің бірінен өлі күйінде табылған. Пәтерде есірткіге қатты масайраған 39 жастағы әйел адам да болыпты.

Әйелдің айтуынша, есірткі шеккен соң бөлмеде туған қызы емес, қуыршақ жүргендей көрініп, өзіне қауіп төндіреді деп ойлап бірнеше рет пышақ салған екен.

Ол жақын арада қамауға алынып, психологиялық-психатриялық тексеруден өтпек.


Жаңалықтар
0