18:10 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
147 0 0

Ер адам ішімдікке салынған, өз-өзіне қол жұмсау арқылы жұрттың назарын аударғысы келіпті

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам мешітте өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды TVK телеарнасының сайты.

Сайрамдағы мешіттің молдасы Тұрсынходжа Ханходжаевтың айтуынша, ол қосалқы үй-жайда қолдары мен мойны кесілген ер адамды тапқан. Дін қызметкері ер адамды үйіне жібермек болыпты, бірақ ол газ шлангісін кесіп жіберіп, өзін өртеген. 

Егде жастағы молда отты сөндіріп үлгерді. Кейін жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полицияны шақырған. 

Зардап шеккен ер адам өзіне назар аудару үшін мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Мешітке көптен келіп жүр екен, ішімдікке салынған, отбасында  қиындықтар бар. 

Қазіргі таңда ер адам ауруханаға жатқызылды, әзірге денсаулығына қатысты  мәлімет жоқ.

Кілт сөздер:
өз-өзіне қол салу, мешіт, молда, Оңтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып