Оқиға

Атырауда 5 адам қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтужедел жәрдем, архив суреті
жедел жәрдем, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 қаңтарда Атырау-Астрахань тас жолында болған жол апатында бес адам қаза тапты

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Атырау облысындағы 5 адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі болуы мүмкін деген күдікпен екінші көліктің жүргізушісі тура емдеу орнында қамауға алынды. 49 жастағы азамат қазір Атырау облыстық ауруханасының арнайы палатасында тергеушілерге жауап беруде, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Оған қатысты қылмыстық кодекстің "екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы" бабы бойынша іс қозғалған. 

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

"Ол кісінің аяқ сүйектері, оң аяғының сүйектері сынған, бел омыртқаларының айналасы соғылған диагнозбен жатыр, қазіргі уақытта ішкі істер қызметкерлерінің бақылауымен арнайы палатада ем алуда. Жақсарып келе жатыр, амандық болса алдағы аптаның ішінде үйіне  шығаруға келеді", —  дейді Атырау облысының штаттан тыс бас травматологы Бекболат Қамалов.

Сондай-ақ жүргізушінің әйелі мен 18 жастағы қызы да травматология бөлімінде жатыр. 50 жастағы азаматшаның жамбасы сынып, ота жасалған. Ал қыз баланың бел омыртқасына зақым келсе, көлік жүргізушісінің 20 жастағы ұлы айтарлықтай зардап шеккен. Ми жарақатын алып, ота жасалған ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Ерлі-зайыптылардың 10 жастағы тағы бір баласы да басынан зақым алған. Қазір жағдайы жақсы.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 14-ші қаңтар күні Атырау-Астрахань тас жолында болған еді. Атыраудан  келе жатқан Ваз маркалы жеңіл көлік облыс орталығын бетке алған Hyundai Accent-пен бетпе-бет соқтығысқан. Өкінішке қарай, ресейлік көлікте отырған 5 адам оқиға орнында жан тапсырды. Болжам бойынша, Hyundai Accent жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.


Жаңалықтар
0