Оқиға

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

© Photo : Пресс-служба ДЧС ВКОШҚО-да жол бойындағы автобус
ШҚО-да жол бойындағы автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды-Абай тас жолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

"Апат кезінде автобуста 43 адам болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", — деді Құдияров. 

Қарағандыдан шыққан автобус көктайғақ салдарынан аударылып қалуы мүмкін.  

Жаңалықтар
0