23:52 21 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.95
  • EUR495.12
  • RUB6.00
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1025 0 0

Бір жарым жастағы қыз абайсызда кіржуғыш машинаның ішіне түсіп кеткен

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Алматы облысында бір жарым жастағы қыз кіржуғыш машинаның ішінде суға тұншығып өлді, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 28 қарашада Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында болған.  

Біраз уақыт қараусыз қалған кішкентай қыз орындыққа шығып, су толып тұрған жартылай автомат кіржуғыш машинаға түсіп кетеді. Сәби өз бетімен шыға алмай, тұншығып өлген. 

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Баланың өлімі әзірше жазатайым оқиға ретінде қаралып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде", — деп атап өтті облыстық полиция.

Загрузка...

Басты тақырып