Оқиға

Ақтөбеде есірткі шегіп алған КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк көлігінің астына түсіп қаза болған 55 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолымен өткен

АСТАНА, 21 қараша— Sputnik. Полиция жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып өлтірген КамАЗ жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.  

Нокин даңғылында жол апаты болғаны туралы хабарлама полицияға 14 қараша күні кешкі 7-нің шамасында түскен.  

Көлік астына түскен жаяу жүргіншіге көмектеспек болған жүргізушіні көлік қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші өзі көлік астына түсті
Оқиға орнына жеткен шұғыл тергеу тобы 27 жастағы жүргізуші "КамАЗ" маркалы автокөліктің рөліне есірткі шегіп алып отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. 55 жастағы әйел сол жерде көз жұмған.  

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптама тағайындалды. 

Күдікті тергеу абақтысына жабылды.   


Жаңалықтар
0