АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Алматыда Медеу ауданында болған жаппай төбелестен кейін полиция екі адамды ұстады, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің хабарлауынша, төбелес 29 қазанда болған. №12 автобустың кондукторы мен жолаушылар арасында шыққан жанжал жаппай төбелеске себеп болуы мүмкін.
"Бастапқы процессуалдық іс-шаралардың нәтижесінде екі адам анықталды, олар отыз жастағы автобус жүргізушісі және 23 жастағы кондуктор. Қазір олардан жауап алынып жатыр", — деді Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.