Оқиға

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты

© SputnikАлматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Nissan мен Toyota бетпе-бет соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Алматыда Nissan мен Toyota көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

апат белгісі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында Volkswagen жүк көлігіне соғылып, үш адам қаза болды

Жол апаты Құлжа тас жолында болды. Оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан Nissan Primera жүргізушісі белгісіз себептермен қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 200 көлігімен бетпе-бет соқтығысты. 

Жол апатынан үш адам зардап шекті. Toyota жүргізушісі мен жолаушысы және Nissan жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қарсы бетке шығып кеткен Nissan жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. 

Жол апатының мән-жайын Алматы полициясы анықтайды. 

 

Жаңалықтар
0