Оқиға

Алматыда AlmaU университетінің студенттері төбелесті

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төбелескен жігіттердің ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Алматыда AlmaU университетінің көлік тұрағында студенттер арасында жанжал шықты, деп хабарлады қалалық ІІД.

Әйелдердің төбелесі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атыраудағы дәмхана жанында ер адаммен төрт қыз төбелесті

Оқиға бірінші және үшінші курс студенттері арасында 16 қазан күні таңертең оқу орны көлік тұрағында болған. Оқиға орнына "Боран" экипажы аттандырылды.

"Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне бұзақылық бабы бойынша тіркелді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", — деп хабарлады полиция.

Төбелескен жігіттер ауыр жарақат алмапты.

Жаңалықтар
0