АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Көліктік прокуратура Алматы түбіндегі ұшақ апаты бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Көліктік прокуратура ұшақ апаты бойынша қауіпсіздік ережелерін бұзу бабына сәйкес тергеу жүргізіп, бақылап отыр", — деді Лукин.
2017 жылы 3 қазанда ұшақтың апатқа ұшырау ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық белгілер бойынша Алматы әуежайының желілік ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Үшінші қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.