Оқиға

Алматыда клиенттердің шотынан ақша ұрлаған АТФ банк қызметкерлері сотталды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар клиенттердің шотынан шамамен 112 миллион теңге көлемінде ақша ұрлаған

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. АТФ Банк қызметкерлері  клиенттердің шоттарынан 111,8 миллион теңге көлемінде ақша шешіп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Істің материалдары бойынша, банк қызметкері С. есімді азаматша алдын ала келісім бойынша К. есімді азаматпен бірігіп қылмыстық жоспар құрады. 

Хакер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда бірнеше банктің серверіне хакерлік шабуыл жасалды

"Жоспар бойынша олар ағымдық және депозиттік салымдары бар, бірақ төлем карточкалары жоқ банк клиенттері атынан олардың келісімінсіз "АТФ24" (online banking) төлем карточкаларын дайындайды. 

Кейіннен С. және К. есімді азаматтар пластик карталарын көптеп дайындау мүмкіндігі болмағандықтан, №5 банк бөлімшесінің Ю. және К.А. есімді менеджерлерін іске тартады.

Банкте берген ақпаратқа сәйкес, алаяқтық әрекетті олар өз күштерімен анықтаған, қаржылық мекеменің клиенттері зардап шеккен жоқ. 

Бұрынғы банк қызметкерлеріне қатысты үкім тамыз айының ортасында шыққан болатын. ол бойынша К. есімді азамат бес жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді. Алайда, кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған оған, жазасын өтеу мерзімі 6 жылға шегерілді. К.А. және Ю. есімді азаматтар да бес жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүліктері тәркіленді. "С" есімді азаматшаға қатысты істің материалдары жеке өндіріспен қарастырылған. Ол адам қазіргі уақытта қамауда отыр. Тергеу амалдарына байланысты қосымша ақпараттар берілмейді. 

Сонымен қатар, сот сотталған үш адамнан "АТФ Банк" АҚ үлесіне 91,7 миллион теңге көлемінде азаматтық қуыным залалын өтеу белгіленді. 

 

 

 


Жаңалықтар
0