Оқиға

Шығыс Қазақстанда үш жасар баланы оқтаумен ұрып өлтірген фермер сотталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ШҚО-да сәбиді айуандықпен өлтірген ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Үш жасар баланы аяусыз сабап өлтіргені үшін айыпталған ер адам жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қан - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысының тұрғыны туған ұлын аяусыз ұрып өлтірді

Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, оқиға 2017 жылы мамыр айында Аягөз ауданында шаруа қожалықтарының бірінде болған. Ферма иесі мас күйінде жұмысшыларының үш жасар ұлына ішімдік ішкізіп, бала жылай бастағанда, жұлқып алып, еденге лақтырып жіберген. Жерге құлаған сәби анасын шақыра бастайды. Фермада тұрып, жұмыс істейтін әйел балаға көмектеспек болғанымен, қожалық иесі оны итеріп, шығарып жібереді. Кейін баланың үнін өшіру үшін, оқтауды алып, 24 рет ұрған. Сәби алған жарақатынан көз жұмады.

Сәбидің қаза тапқанын түсінген ер адам оның анасымен келіспек болады. Әйелге қоқан-лоққы көрсетіп, полицияға бала төбеден құлап, қаза тапты деп айтқызады. Жұмысынан айырылып, панасыз қалудан қорыққан әйел қожайынының дегеніне көнген.

Алайда біраз уақыт өткен  соң әйел адам баласының ажалы туралы бар шындықты айтып береді. Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот жас сәбиді өлтірген ер адамды 16 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар
0