Оқиға

Атыраулық жұмысшылар асханада жаппай уланды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАсхана
Асхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәліметтер бойынша асхана қызметшісі жаппай улануға себепші болуы мүмкін. Одан сальмонелла қоздырғышы табылған.

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Атырау облысындағы қызметтік асханада "Карабан" ЖШС жұмыскерлерінің жаппай улануы орын алған. Зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Қазақстанның Денсаулық министрлігі баспасөз қызметі. 

2 қыркүйек күні Атыраудағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына "ішек инфекциясы" диагнозымен аталған ұйымның 18 жұмыскері келген. 10 адамға "орташа дәрежедегі ішек инфекциясы" диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылады. Жұмысшылар түскі асқа көкөніс салатын, бұршақ сорпасын, гарнирі бар балық және голубцы жеген.

"Жұмысшылар асханасында зардап шеккен "Каработан" ЖШС (Атырау) тоғыз жұмысшысының жағдайы тұрақты болып бағаланады, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері анықталуда", — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Асхананың жұмысы тоқтатылды. Ол жерден тамақтанғанн барлық жұмысшылар профилактикалық емдеу шараларын қабылдады. 

"Зертханалық тексерулер нәтижелері бойынша — сальмонелла энтеритидис қоздырғышы анықталған. Алдын ала тексерулерге сәйкес,  асхана қызметшілерінің бірінен сальмонелла энтеритидис табылған. Сол адам қоздырғыштың таратуына себепші болуы мүмкін", — дейді Денсаулық министрлігі. 


Жаңалықтар
0