16:28 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматы түбіндегі ұшақ апаты (3)
38 0 0

Ұшақ оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында құлаған

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Алматыда бейсенбі күні ұшақ құлап, салдарынан екі адам ажал құшты, деп хабарлады Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті.

"Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, бүгін 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында "Технам 2002" ұшағы Азем аэродромынан 2 шақырымдай жерге құлады", — делінген хабарламада.

Екі адам қаза тапты – инструктор-ұшқыш пен курсант.

Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Азем аэродромы Алматыдан 43 километр жерде орналасқан.

"Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастап кетті", — деп қорытындылады ведомство.

Тақырып:
Алматы түбіндегі ұшақ апаты (3)
Загрузка...

Басты тақырып