Оқиға

Таразда үйлену тойы кезінде оқ атқан жігіттер ұсталды

© Sputnik / Александр АльтманТой
Той - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше адам той кезінде аспанға оқ атқан

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik.Тараз полициясы  аспанға оқ атқан той кортежіне қатысушы бірнеше адамды ұстады.

Той кортежі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жолаушыларды лимузиннің үстіне шығарып тасымалдаған жүргізушіге айыппұл салынды

Той кортежінің екі қатысушысы аспанға бірнеше рет оқ атып, қылмыс орнынан Toyota Camry 50 көлігіне отырып кетіп қалады. Болған оқиға "Тектұрмас" көпіріндегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Жол-патрулдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанады.

Екі тұлға анықталып, ұсталды. Олардың бірі 20 жаста, екіншісі 19-да. Екеуі де Тараз қаласының тұрғындары.

Сол күні 20 жастағы тәртіп бұзушының мекенжайы тінтіліп, "CZ-858"  автоматы табылған. Қару әкесінің атына тіркелген екен.

Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір Тараз қаласы уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

Жаңалықтар
0