08:45 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
186 0 0

Жол апатынан төрт кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші мен апат себепшісі зарда шекті. Сондай-ақ жанында болған автокөліктер қатты зақымданды

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. "Алматы Арена" стадионы маңындағы жол апатынан бес адам зардап шекті, оның төртеуі бала, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында. 

Жол апаты "Алматы Аренаға" қарсы бетте Момышұлы көшесінің бойында орын алды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, стадионға қарсы бетте бір топ адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде Subaru Legacy, BMW және Toyota Mark 2 Момышұлы көшесінің бойында солтүстік бағытта қозғалып жатты.  

Toyota шеткі сол қатардан, Subaru шеткі оң жатқан тоқтады. BMW жүргізушісі солардың арасынан өтіп кетпек болды. Анықталмаған себептермен, жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, алдымен Subaru көлігіне соқтығысты, содан кейін Toyota-ға соғылды, сосын — жаяу жүргіншілерге. 

Жол апатынан бес адам зардап шекті: төрт жаяу жүргінші бала және BMW жүргізушісі. Олардың барлығын ауруханаға жатқызды. Алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін балалар үйлеріне қайтарылды. 

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

  • БМВ, Субару және Тойота стадионның маңында соқтығысты
    БМВ, Субару және Тойота стадионның маңында соқтығысты
    © Sputnik

1 / 4
© Sputnik
БМВ, Субару және Тойота стадионның маңында соқтығысты
Загрузка...

Басты тақырып