Оқиға

Қазақстанда бір тәулікте 11 адам суға кетті

CC0 / / балалар су жағасында
балалар су жағасында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олардың біреуі әлі де іздестіріліп жатыр

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте шомылуға арналмаған жерлерде 11 адам суға кетті, оның екеуі бала. 

"Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеу керектігіне ескерту жасауына қарамастан адамдар рұқсат етілмеген орындарда суға түседі", — деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Балалар үлкендердің бақылауынсыз қалған. Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, кейбір адамдар мас болған. 


Жаңалықтар
0