Оқиға

Шымбұлақ ауданында автокөлікте газ баллон жарылып кетті

Жазылу
Жарылыс салдарынан көлікте өрт шығып, жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданында автокөлікте газ баллон жарылып кетті.

Мотоцикл жол апатына ұшырады - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда мас мотоциклші жол апатына түсіп, басын жарды

"29 шіледе сағат 10:27-де Алматы ТЖД "101" пультіне Шымбұлаққа жақын жерде Медеу ауданында автокөліктен өрт шыққандығы хабарланды. 10:46-де өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен", — деп хабарлады ТЖД.

Кейінірек белгілі болғанда, газ баллон жарылып, Toyota Hilux көлігі жанған.

10:51-де өрт ауыздықталып, сағат он бірде толығымен сөндірілді. Күйік алған көлік жүргізушісі қалалық ауруханаға жатқызылған.

Жаңалықтар
0