08:02 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
270 0 0

Жас жігіт үйінен ірі мөлшерде ақша алып кетіп, тауда жасырынған

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. 16 жасар қызбен қашып кетіп, Алматы тауында қаза болған жігітке туысына пышақ жарақатын келтірді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінде.

"Аталған тұлғаға туыстарының біріне пышақ жарақатын келтірді деген күдік келтіріліп отыр. Ол қылмыс 23 шілдеде түнгі сағат екілерде Алматының Медеу ауданында орын алды. Нәтижесінде бірталай ақшаны ұрлап кеткен", — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полицейлер қазіргі уақытта барлық деректерді салыстырып жатыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

16 жастағы семсерші Анастасия Смирнова өткен демалыс күні жоғалып кетті. Ол өзінің досы – 17 жасар жігітпен қашып кетті деген болжам жасалды. 

Екі жасты таныған куәгерлер еріктілерге хабарлаған. Олар Анастасияға ұқсаған қызды Шымбұлақтағы арқан станциясы аймағында көрген. 

Жігіт пен қыз олардың артынан адамдардың келгенін байқап, қайтадан қашуға ұмтылған. Таудағы тегіс емес жерде қыз құлап кетіп, тастардан домалап кетті. Салдарынан көптеген жарақаттар алды. Жігіт ары қарай қашып кетті. 

25 шілде күні таңғы сағат тоғыздарда жігіттің мүрдесін тапқан. Ол таудан түспек болғанда құлап кеткен болуы мүмкін. 


Загрузка...

Басты тақырып